Жарнама
Спорт

Махамбетте параспортшылар арасында облыстық турнир өтті

Турнирге 4 түрлі спорттан 80-ге жуық параспортшы қатысты. Көру қабілеті бұзылған жандар дойбы, тоғызқұмалақ, шахматтан сынға түссе, тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар үстел теннисінде бақ сынады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыстық турнир аудан әкімдігі мен облыстық мүгедектер және «Ер жүректілер» спорт клубтарының ұйымдастыруымен өтті.

Айта кетейік, бүгінде аудандағы спорт клубта 50-ден аса мүмкіндігі шектеулі жан жаттығады. Оның 10-ға жуығы спорт шебері атанған.

–Параспортшылар оң нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, Аружан Ғиниятова – үстел теннисінен, Әсемгүл Габдуллина – шахматтан спорт шебері. Ал тоғызқұмалақтан Мырзабек Наурызбекұлы күні кеше Қарағанды облысында өткен жарыстан І орын алып, спорт шебері атанды. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан Айна Жайсанбаева республикалық жарыстан ІІІ орынды қанжығалап, қазір спорт шеберіне үміткер, — деді спорт клубтың координаторы Гүлден Өтебалиева.

Жарыс қорытындысында жүлделі орынға ие болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Енді жеңімпаздар республикалық додада Атыраудың намысын қорғайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button