
Спорт
Криштиану Роналду Қазақстанға қарсы ойнай ма: EURO-2024 жеребесі тартылды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды atr.kz
Жеребеде Қазақстан ұлттық құрамасының ықтимал қарсыластары анықталды. Дүбірлі додаға бару үшін ең алдымен Ұлттар лигасының плей-офф сынында жеңіске жетуі тиіс.
Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, құрлықтық дода 14 маусымда Германия мен Шотландия матчымен ашылады.