Жылыойда шахматтан аудандық ашық турнир мәресіне жетті

350963157 2459630974197436 1792971758841344643 n Спорт

Жылыой ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Теңізшевройл» мекемесінің 30 жылдығы аясында шахматтан аудандық ашық турнир өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған турнирге 6-16 жас аралағындағы 200 ауданның оқушысы қатысты.

-Біз 10 жылдан бері дәстүрлі түрде шахматтан турнир өткізіп келеміз. Аудандық ашық турнир былтыр осы Құлсары қаласындағы №8 мектеп ғимаратында ұйымдастырылған болатын. Биыл ТШО-ның 30 игі іс жобасы аясында әуесқой шахматшылардың қатысуымен ұйымдастырылуда. Басты мақсат – өңірдегі шахмат спортының дамуына атсалысу. Өйткені бұған дейінгі мұндай турнирлер Атырау қаласында ұйымдастырылғанда Зарина Нұрғалиева қатысып жүрген болатын. Кейін ол әлем чемпионы болды. Енді Жылыой ауданынан да сондай чемпион шықса деген үміт бар,- деді Теңізшевройл мекемесінің өкілі Ерлан Қасым.

Турнир нәтижесі бойынша, 2007-2010 ж.т. ұлдар арасында Қасиет Сағидулла, қыздар арасында Ақниет Мазап, 2011-2012 ж.т. ұлдар арасында Бек Нұрлан, қыздар арасында Аяулым Самат, 2013-2014 ж.т. ұлдар арасында Алихан Нурдаулет, қыздар арасында Нұриба Ескендір, 2015-2016 ж.т. ұлдар арасында Ерхан Таубаев, қыздар арасында Асылхан Серикова үздік деп танылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз