Спорт
Юлия Галышева фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
ҚазАқпарат агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.