Жарнама
Спорт

Исатайлық балақайлар байрақты болды

Шымкент қаласында таеквондодан (WT) «Shymkent Cup» Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті. Бұл турнирге Өзбекстан мен Қырғызстан елінен, сондай-ақ, Қазақстан бойынша барлық облыстан 1000-ға жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында, Исатай ауданы «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері де бар. Байрақты бәсеке аудан спортшылары үшін нәтижелі болды.

Атап айтқанда, 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Аягөз Серік барлық қарсыласын басым болып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Сонымен қатар, 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Қайсар Қайса қола жүлдегер атанса, 2017-2018 жылы туған жасөспірімдер арасында шаршы алаңда шеберлік танытқан Жанас Еролла үшінші орынды қанжығасына байлады. Байрақты бәсекеде облыстың да абыройын асқақтатып, жаттықтырушысы Ғалымжан Қалиевтің сенімін ақтаған жас таеквондошылардың алдағы күндерде де спорт саласында нәтижелі жетістіктерге жетуіне тілекшіміз.

Майра ЕРҒАЛИ

Исатай ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button