Жарнама
Спорт

Інжу – екі дүркін ел чемпионы

Өскемен қаласында дзюдо күресінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа 17 облыс пен 3 қаладан 650-ден астам спортшы қатысты. Осы сында атыраулық спортшылар да бақтарын сынап, олжалы оралып отыр. Бүгін жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жақындары мен спорт саласының басшылары теміржол вокзалынан күтіп алды.

ef2d8915 8751 49d6 acbe 7b1d46bedbb3 1

Атыраулық спортшылар чемпионатқа дайындалу үшін Алматы облысында бір кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиындарына қатысқан. Ал, қорытынды оқу-жаттығу жиындарын Атырауда өткізген. №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Тұрар Ризуановтың айтуынша, алдағы жылы әлем чемпионаты, Азия чемпионаттарына іріктеу жарыстарына қатысуды жоспарлап отыр.

Тартысқа толы бәсекеде №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Інжу Жұмажан 52 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, екі дүркін чемпион атанды. Сондай-ақ, болашақтарынан көп үміт күттіретін боз кілем шеберлері Индер аудандық балалар спорт мектебінің шәкірті Асылхан Мәлік (-42 келі), №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Аманжан Олжабай (-38 келі), Мақат аудандық балалар спорт мектебінің шәкірті Нұрпейіс Кәусар (-36 келі) III орын, №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Асылай Ерболсын (-57 келі) чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Жарыс аясында Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры Мұхсин Нұртазин мен халықаралық дәрежедегі төреші Ерлан Тажиковтің жетекшілігімен төрешілерге арналған семинар-тренинг өткізген. Аталған шараға ел біріншілігіне жиналған төрешілермен қатар жаттықтырушылар қатысты. Мамандар дзюдо ережелеріне тоқталып, пратика жүзінде біліктіліктерін шыңдады.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button