Спорт

Грек-рим шебері Демеу Жадыраев – Олимпиаданың күміс жүлдегері

Париж Олимпиадасында Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев алғашқы кездесудің бірінші кезеңінде колумбиялық Алексис Куэро Муньосты 8:0 есебімен ұтып, жалпы есеп бойынша 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп жартылай финалға шыққан болатын. Ал ширек финалда атақты қырғыз балуаны, әлемнің екі дүркін чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмудовпен кездесті.

Бұл бәсекеде отандасымыз 3:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалдық сында әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы әзербайжандық Санан Сүлейменовтен 6:1 есебімен басым түсіп, Олимпиаданың финалына шықты. Ақтық мәреде Жапония үкілеген әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы Нао Кусакаға 5:2 есебімен есе жіберіп, Токио Олимпиадасындағы нәтижесін жаңартып, Париж төрінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button