Жарнама
Спорт

Атыраулық Талғат Сырбаз еркін күрестен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Еркін күрес бәсекесінде Олимпиадалық салмақ болып табылатын 74 келіде атыраулық спортшы Талғат Сырбаз күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы, денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғат Сырбаз алғашқы кездесуінде ақтөбелік А.Құлахметұлын 11:0 есебімен ұтса, кейін екінші айналымда әлем чемпионатының жүлдегері, астаналық балуан Н.Бекжановтан 7:0 есебімен басым түсті.

Үшінші айналымда Шымкент қаласының спортшысы, Азия чемпионы Д.Есенғалиді 10:2 есебімен жеңді. Ширек финалда тағы бір Азия чемпионы Д.Есенғалиді, ал жартылай финалда Жамбыл облысының спортшысы Е.Қуанышбайды 11:0 есебімен оңай ұтты.

Ақтық финалда осы салмақтың көшбасшысы атанған әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпановтан ұтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button