Спорт
Ержан Сәлімгереев ел чемпионатынан үш алтынға қол жеткізді
Ақтөбе қаласында 28-30 маусым аралығында пара жүзуден тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен ересек және жасөспірім спортшылар арасында Қазақстан ел чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Атырау облысы «Мүгедектер спорттық клубынан» үш спортшы қатысып 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жеңіп алды деп хабарлайды ATPress.kz. облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айсақ Сәлімгереев Ержан 100 метрге еркін жүзуден, 50 метрге баттерфляй және 50 метрге еркін жүзуден үш алтын жүлдеге иеленді, Тлекқабыл Альфия 100 метрге арқада жүзуден күміс жүлдеге және 100 метре брасс әдісімең жүзуден қола жүлдеге ие болды.
Жаттықтырушы – Жұмағазиев Нұрлан.