Жарнама
Спорт

Екі бірдей чемпион бүгінде – Ұлттық ұлан сапында

*Бүгін – Спорт күні

Қазақстанда тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел намысын қорғаған спорт саңлақтарының еңбегін бағалауға арналған.

c17e8667 f17a 4fcf a73a 08c436e123cc

Биыл бұл күннің мәні ерекше. Атыраудағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде әлемдік және республикалық додаларда топ жарған қос бірдей чемпион қатардағы сарбаз ретінде қызмет етуде.

Самбодан әлемді мойындатқан жас сарбаз Ақтөбе өңірінің тумасы Мирас Сәкенұлы – самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері. Кипр мен Армения төрінде ел намысын абыроймен қорғаған ол бүгінде сарбаз ретінде сап түзеп тұр.

– «Отанды қорғау – әр жігіттің ең үлкен парызы. Әскерден кейін де спорттағы жолымды жалғастырып, көк байрағымызды әлем төрінде көтеруге бар күшімді саламын», – дейді Мирас.

Жеңіске құштар Жасұлан

Ұлттық ұланның келесі чемпионы – Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының тумасы Жасұлан Қайрмағанбетұлы Пахридинов. Ол – грек-рим күресінен спорт шебері, жастар арасында ел біріншілігінің жеңімпазы.

– «Әскерде жүргенім – мен үшін үлкен мектеп. Бұл жолда тәртіп пен шыдамдылықты үйреніп, болашақ жеңістеріме негіз қалап жатырмын», – дейді жас сарбаз.

Жас спортшылардың табандылығы мен қайсарлығы – бүкіл жас ұрпаққа үлгі. Олар тек бозкілемде ғана емес, әскери сапта да төзімділік пен Отанға адалдықтың символына айналып отыр.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button