
Спорт
Джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Қазақстан қоржынына 3 медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта финалда Біріккен Араб әмірлігінің өкілі Мохаммед Аль-Суваидимен күресті.
Қазақстандық джиу-джитсу шебері қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.