Жарнама
Спорт

Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші туры басталады

Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші туры басталады. Биыл алғаш рет жалауын көтерген турнирде 16 команда 4 топта сынға түсіп, әрқайсысы 3 ойыннан өткізіп жатыр. 

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 5 шілдеде С тобында сағат 20:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» командалары жасыл алаңға шығады. Бұл топтағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) кездесуі 6 шілдеде сағат 20:00-ге жоспарланған.  

6 шілдеде В тобында 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», 20.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады. Сондай-ақ 7 шілдеде А тобында 17:00-де «Ақжайық» пен «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.

Дәл сол күні D тобында 20:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.

Айта кетсек, жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары ойнайды. Финал 24 қарашаға жоспарланған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Лига кубогының бірінші тур ойындары өткізілді.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button