БОКСШЫ ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Сербия Республикасының астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Ақмола облысының тумасы, 33 жасар жерлесіміз финалдық кездесуде Таиландттық қарсыласы Вуттичай Юрачайды 5-0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Тіпті үшінші раундтта қарсыласын нокдаунға жіберген болатын.
Сонымен қатар, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махмуд Сабырхан ақтық сында жапониялық боксшы Томоя Цубоядан жеңілді. Осы әлем чемпионатының барысында қазақстандықтардың ғана емес, дүниежүзілік бокс федерациясының назарына іліккен боксшымызға сәттілік жолдас болмады.
Айта кету керек, 6 қарашада боксшыларымыз Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) Белград төрінде финалдық бәсекеде бақ сынайтын болады.
Алмас БАУЫРЖАНТЕГІ