Спорт
Береке және Алмалы ауылдарына спорт алаңдары салынады
Береке және Алмалы ауылдарына спорт алаңдары салынады.
«Қазіргі таңда жоба жасақталды. Жобалаушы мекеме — «Шыңдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Бүгінгі күні конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталған соң тиісті жұмыстар басталады», — деп хабарлады Атырау қаласының әкімдігі.
Қалалық құрылыс бөлімінің мамандарының айтуынша, жергілікті бюджет есебінен салынатын ашық алаңда балалар ойнайтын алаң, футбол, жаттығу алаңдары, лед жарық шамдары және бейнебақылау камераларымен қамтылмақ.