Жарнама
Спорт

Атыраулық волейболшыларды облыс әкімі қабылдады

Серік Шәпкенов волейболдан ел чемпионатында топ жарған атыраулық спортшыларды қабылдады.

Аймақ басшысы Тараз қаласында өткен ерлер арасында XXX ел чемпионатында
топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген «Атырау» волейбол командасын құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нағыз шеберлік пен командалық біртұтастық көрсеткен ойындарыңыз болды. Біз сіздермен мақтанамыз, деді Серік Шәпкенов.

Аймақ басшысы чемпионаттың үздік ойыншысы атанған 6 спортшы мен командаға алғыс хат табыстады. Ал спортшылар облыс әкіміне кубок, медаль және ойыншылардың есімі мен қолтаңбасы бар допты естелікке сыйға тартты.

Айта кетейік, жерлестеріміз 12-17 сәуір аралығында Тараз қаласында ерлер арасында XXX ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Ақтық сында «Есіл» командасын 3:0 есебімен ұтты. Атыраулық команда араға төрт жыл салып ел чемпионы атанды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button