Жарнама
Спорт

Белгілі боксшы Төрехан Сабырхан Атыраудың намысын қорғайды

Қазақстандық талантты боксшы Төрехан Сабырхан бұдан былай Атырау облысының намысын қорғайтын болады. Бұл туралы жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионы өзінің инстаграм парақшасында айтты.

Осыған дейін Түркістан облысының намысын қорғап, қол жеткізген жеңістерін осы өңірдің боксшысы ретінде тіркеді. Ол өз сөзінде Түркістан облысының бокс федерациясына разылығын білдіріп, мүмкіндік берген Атырау облысы бокс федерациясының басшылығына алғысын жеткізді. Ел ішінде Атырау облысының намысын қорғағанымен, шекара сыртындағы жарыстарда ел намысын қорғайтын жас спортшы оқырмандарына осындай маңызды жаңалығымен бөлісіп, жеңісті күндерде жолығуды тіледі.

Болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жуырда Болгария астанасы Софияда өткен «Странджа» халықаралық турнирінде 67 келі салмақта жеңіске жетіп қана қоймай, турнирдің ең үздік боксшысы атағына ие болды.

Оның жетістіктері елдің жас спортшыларына үлгі болары сөзсіз.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button