Жарнама
Спорт

Бекбол Әбуов спартакиада ойындарының жеңімпазы

14-19 шілде күндері аралығында Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі республикалық спартакиада өтті. 

Аталмыш спартакиадаға барлық 17 облыс пен Астана мен Шымкент қаласынан келген команда, барлығы 669 мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Олар 8 спорт түрінен (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру, жүзу, қазақ күресі, шағын футбол мен волейбол) өзара сынға түсіп, үздік ойын көрсетті.

Нәтижесінде, аудан әкімі аппаратының басшысы Әбуов Бекбол Қуатұлы қазақ күресінен 74 кг салмағы бойынша жеңімпаз атанды. Ол алғашқы белдесуде СҚО палуанымен күресіп, аз уақыт ішінде таза жеңіске жетті. Кейін Қызылорда, Абай облыстарының палуандарымен кілемге шығып, ақтық кезеңде жергілікті қатысушымен кездесті.

img 0559

Осылайша қарсыластарына шақ келтірмеген Б.Әбуов алтын жүлдеге ие болып, облыс абыройын асқақтатты.

Айта кетейік, Атырау облысы қазақ күресінен командалық есепте республика бойынша 2 жыл қатарынан жүлделі І орынды иеленіп отыр.

Әсем ҚАСЫМ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button