БЕДЕЛ ЖИҒАН «БЕЙБАРЫС»

Ерлер арасындағы шайбалы хоккейден ел чемпионаты ойындары аясында жергілікті «Бейбарыс» хоккей командасы өз айдынында Алматының «Алматы» командасын қабылдады. 
Екі күнгі кездесуде де жерлестеріміз айқын басымдықпен жеңіске жетті - 3:0 және 7:1.

Алғашқы күнгі кездесуде «Бейбарыс» командасының ойыншылары Ян Макдональд, Мартин Херман және Владимир Мамонов ерекшеленді. Ал, екінші күнгі кездесуде жеңіске жетуге құлшына кіріскен қонақтар үш минуттың ішінде-ақ қақпамызға екі рет шайбаны енгізіп үлгерді. Көп ұзамай «бейбарыстық» Иржи Елинек «алматылық» қақпашы Владимир Еремеевтің осал тұсын тапқанымен, Эльдар Нажмутдинов командасына үшінші голды сыйлады. 
Кейінгі екі кезеңде жеңіске бел буған Александр Истоминнің тәрбиеленушілері алты рет қатарынан шайба салып, тағы да жеңіске жетті. Гол авторлары атанған – Александр Зубков, Алексей Данилов, Евгений Дерябин, Ян Макдональд.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз