Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті
Ел құрамасы Азия ойындарында екінші алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды atr.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.
Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 балға жеткізді.
«Керемет нәтиже! Зухраны кез келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін», — деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.