Жарнама
Спорт

Азия ойындары: Каратэші Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы атанып үлгерген қазақстандық караэші 68 келіден жоғары салмақта финалда непалдық Арика Гурунгпен сынға түсті.

Софья бірден тізгінді қолға алып, юко ұпайларымен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 3:0.

Осылайша, Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтын жүлдені салды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button