Жарнама
Спорт

Атыраулықтар самбо күресінен гимназиада жеңімпазы атанды

«Атырау» спорт кешенінде самбодан Қазақстан оқушылары (ұл, қыз) арасындағы XI жазғы гимназиадасының ақтық бәсекелері өтіп, республиканың 10 командасы өзара мықтыны анықтады.

Жарысқа 135 спортшы қатысты. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ерболат Даулетқазиев, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директоры Сәдіржан Жекенов, Атырау облысы олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары шеберлік мектебінің директоры, Қайрат Досқалиев, Исатай аудандық «Барыс» балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру даярлау клубының директоры Асхат Жұмабеков секілді т.б құрметті қонақтар қатысты.

Тартысты өткен кездесудің қорытындысында ұлдар арасында Атырау облысының командасы I орын, Ақтөбе облысы II орын, Қызылорда облысының командасы III орынға қол жеткізді.

Қыздар арасындағы белдесулерде Атырау облысының бұрымдылары намысты қолдан бермеді. Жүлделі II-III орынға Алматы, Қызылорда облысының спортшылары ие болды.

Облыс құрамасына жеңіс сыйлаған Мейрамбек Мирамғали (49 келі), Аманжан Аманғалиев (53 келі), Бақтияр Дусул (71 келі) ұлдар арасындағы кездесулерде қарсылас шақ келтірмеді.

Қыздар арасындағы бәсекелерде Аружан Орынбаева (49 келі), Дамелі Асылханова (50 келі), Әсемгүл Құлыш (59 келі) қарсыластарынан айқын басымдылықен басым түсті.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button