Спорт
Атыраулық Жеңіс Нұрлыбаев Азияның үш дүркін чемпионы атанды
10-17 қыркүйек күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында Джиу-джитсудан ересектер арасында өтіп жатқан Азия Чемпионатында атыраулық спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды atr.kz
56 келі салмақта атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол осыған дейін 2018 және 2019 жылдары құрлық жеңімпазы атанған болатын.
Жеңіс Азия құрлығының алтын жүлдесі үшін таласта Үндістан, Тайланд, Өзбекстан және ақтық сында тағы бір қазақстандық спортшыдан басым түсті.