
Атыраулық жас спортшылар жүзуден сынға түсті
Атырау қаласындағы орталық жүзу бассейнінде Атырау облысының жүзуден жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы біріншілігі өтті. «Даму бала» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сайыс облыстағы су спортының дамуына серпін бермек.
Жарысқа аймақтың түкір-түкпірінен келген 560-тан астам жас спортшы қатысып, өздерінің шеберліктері мен төзімділіктерін сынға салды. Барлығы 11 команда бақ сынап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді.
–Бұл сайыс тек бәсекелестік емес, нағыз спорт мерекесіне, достық пен күш-жігердің символына айналды. Мұндай жарыстар балалардың тек физикалық емес, рухани дамуына да әсер етіп, оларды үлкен жетістіктерге жетелейді. «Даму бала» бағдарламасының басты мақсаты – жас жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу, — деді ұйымдастырушы Әйгерім Бердіғалиева.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды.