Жарнама
Спорт

Атыраулық жас спортшы каратэден алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Орал қаласында өткен каратэ WKC бойынша Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында атыраулық жас спортшы Айсұлтан Балгерей қола жүлдені жеңіп алды.

2c5df4f6 eecd 4903 9ec5 9c02f60ceb10

Спорттық додаға Ресейдің Самара қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан келген 150 спортшы қатысты. Атырау облысынан қатысқан «Ұрпақ» спорт клубының атынан өнер көрсеткен Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Айсұлтан Балгерей 10-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында абсолюттік салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл — Айсұлтанның каратэмен айналыса бастағанына бір жыл толмай қол жеткізген алғашқы жүлдесі. Спортшының дайындығына жаттықтырушылары Абат Әмірханов пен Аманғали Өтебалиев жетекшілік еткен.

15719913 9e2c 49e9 8b02 c82704278b27

-Біз бұл жарысқа аз уақыт дайындалдық. Ал Айсұлтанның алғашқы жеңісі — оның каратэде болашақ үлкен белестерге қадам басуының айқын белгісі. Жарысқа дайындық барысында оның көрсеткен қайсарлығы мен еңбексүйгіштігі көңілден шықты. Жас спортшының осындай қысқа мерзім ішінде мұндай жетістікке жеткені — біз үшін зор мәртебе. Алдағы уақытта да бұл жеңіс Айсұлтанға сенімділік пен жаңа жетістіктерге шабыт береді деп сенеміз. Бұл жарыста бізді қолдаған ата-аналар мен «Ақжелкен» шығармашылық орталығының директоры Нұрберген Дәулетовке алғыс білдіреміз, — дейді жаттықтырушы, І дан қара белбеу иегері Абат Әмірханов.

Айта кету керек, каратэ — тек физикалық дайындық емес, сонымен қатар рухани және психологиялық күшті де талап ететін спорт түрі. Сондықтан жаттықтырушылар тек техникалық жаттығулармен шектелмей, шәкірттерінің бойындағы жеңіс психологиясын да дамытуға ұдайы көңіл бөліп келеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button