Жарнама
Спорт

Атыраулық жас каратэшілер Әлем чемпионатына жолдама алды

Батыс Қазақстан облысының орталығы — Орал қаласындағы “JAIYQ ARENA” спорт кешенінде каратэден (WKС) жасөспірімдер, кадеттер және ардагерлер арасындағы ІІ Азия чемпионаты, сондай-ақ балалар арасында өткен Азия Кубогы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын қорғаған Атырау облысының спортшылары табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды.

img 4960 1

Атыраулық команданың жаттықтырушысы Абат Елжасұлының айтуынша, аталған жарыста 19 елден барлығы 500-ден астам спортшы сынға түскен.

Жарыстың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов пен Каратэ WKC/FW Дүниежүзілік конфедерациясының президенті Александр Тимофеев қатысты. Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – каратэ шеберлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шыңдау.

661ae719 4812 41af 91a5 d7cadcacc727

Тартысты додада жекелей кумитэ бойынша атыраулықтар бірқатар нәтиже көрсетіп, 4 қола, 2 күміс, 2 алтын медальге ие болды.

​Айзере Ғалымжан, Әлихан Ізғали, Исмаил Бақтияр, Нұралы Жеткіншекұлы  қола жүлдені иеленді. Аңсар Назар мен Нұрдәулет Әлдебай күміс жүлдегер атанса, Бекасыл Түгіл мен Алихан Ғалымжан алтын медальді жеңіп алды.

Командалық кумитэде 12-13, 10-11 жас аралығындағы жасөспірімдер де жоғары нәтиже көрсетті. Нұралы Жеткіншекұлы, Алихан Ғалымжан, Әлихан Ізғали — ІІ орын,​ Исмаил Бақтияр, Бекасыл Түгіл, Нұрдәулет Әлдебай ІІІ орынды иеленді.

d9bd79a9 c11a 46a3 a29b 3c412c5c393b 1

– Біз Азия чемпионатына жыл басынан бастап дайындалдық. Спортшыларымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде осындай көрсеткішке қол жеткіздік. Жеңіс тұғырынан көрініп, түрлі дәрежедегі жүлделер мен атақтарға ие болдық. Ең бастысы – каратэшілеріміз келесі жылы Үндістанда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік әрі зор жауапкершілік. Ендігі мақсат – осы жетістікті еселеп, әлем чемпиондарын тәрбиелеу. Ол үшін қазірден бастап үздіксіз дайындық қажет. Осы меже үшін талмай жұмыстанамыз, — дейді бапкер Абат Елжасұлы.

4ac4ac30 ec20 498d 91f3 6e2d76531f31

Айта кету керек, Азия чемпионатына спортшыларды жаттықтырушылар  Аманғали Өтебалиев, Абат Елжасұлы мен Дамир Ыбырашевтар дайындады.  А.Өтебалиев пен А.Елжасұлы Азия чемипонатына төреші болып қатысты. Сонымен қатар чемпионатта бапкерлер арасында бақ сынап, сынға түскен  А.Елжасұлы мен Д.Ыбырашев ІІ-ІІІ орынды жеңіп алып, шәкірттеріне үлгі бола білді.

848a0635 6e85 4b66 bd72 97e20ab3b36d

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button