Атыраулық Абиба Абужақынова гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

a024abfe 9e0d 4277 90eb 63fac4c6eee7 Спорт

Португалия елінде туын көтерген дзюдодан Гран-При бәсекесінде атыраулық Абиба Абужақынова алтыннан алқа тақты.

Алғаш рет әйелдер арасында екі қазақ дзюдошысы (48 келі) финалда күресті. Финалда Әбиба Әбужақынова тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаеваны ұтты.

Әбиба Абужақынова іріктеу кезеңінде аргентиналық Кейси Перафан мен сербиялық Андреа Стоядиновты жеңіп, жартылай финалға шыққан. Жартылай финалда тәжірибелі израильдік Шира Ришонидің жауырынын жерге тигізді.

Ғалия іріктеуде әуелі француз Мелани Вьені, сосын америкалық Мария Селия Лабордені, ширек финалда испан Лаура Мартинес Абеленданы голден-скорда ұтқан. Ал Ғалия Тынбаева жартылай финалда португалиялық Катарина Костаны жеңді. Екі дзюдошы голден-скорды қоса есептегенде 11 минут 14 секунд күресті. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз