Атыраулық таеквондошылар халықаралық рейнтингілік турнирінде бір алтын, бір қола медальге ие болды
Атыраулық таеквондошылар Словения астанасы Любляна қаласында өткен «Slovenia Open» рейтингілік турнирінде бір алтын және бір қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
25-26 ақпан аралағында өткен додаға G-1 санатындағы әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты.
— Сәуле Сардарова бастаған облыс спортшылары жақсы өнер көрсетті. Мария Севостьянова 57 келі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Ал, 67 келі салмақта сынға түскен Нұрай Хұсайынова қола медальды еншіледі, — деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Қазақстандық таэквондошылар турнирде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль иеленіп, жалпы есепте көш бастады.
Айта кетейік, Словенияда өткен бұл жарыс мамыр айында Әзірбайжан елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылады.