
Атыраулық студенттер қанжығасын майлады
Астана қаласында өткен студенттік спорт лигасының қазақ күресі спортынан атыраулық студенттер жүлдеге ие болды.

Командалық есепте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ІІІ орынды иеленді. Ал жеке салмақта бір алтын, бір күміс пен үш қола жүлде иесі анықталды. Олар қыздар арасында 65 кг салмақта I орынды Шынар Бітімбай, 75 кг салмақта III орынды Аружан Жандарбай жеңсе, ерлер арасында 90 кг салмақта II орынды Бекбол Мұқашев, 60 кг салмақта ІІІ орынды Ақылбек Аманұлы, 82 кг салмақта ІІІ орынды Хамит Қожа-Ахмет иеленді.

Айта кету керек, олар республиканың жоғары оқу орнынан қазақ күресі спорт түріне қатысқан 27 палуанның ішінен суырылып шыққандар. Ал команда жетекшісі дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Алпысбай Аралбаев пен жаттықтырушысы Рафаэль Хабиров болды.
Еске салайық, студенттік спорт лигасы 5 спорт түрінен: тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, баскетбол, қазақ күресінен өткен еді.
Малика ТӘКЕЖАНОВА