
Атыраулық спортшылар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады
100-ден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілетін додада атыраулық 3 спортшы ел намысын қорғайды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Олар — Сарсенғалиев Нұржан – Алыш күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы
Арман Қошқаров — Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының спорт шебері
Марат Бексұлтанұлы – дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Атыраулық көшті Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы, батыр Сұңғат Закарияев бастап барады.

Делегация құрмында 3 спортшыдан бөлек, 10 елші және спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген белсенділер мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері бар. Олар елорда да тарихи-өлкетану мұражайының арнайы экспозициялық көрмесін құрады. Оған өңірден талантты қолөнершілер қатысады. Сондай-ақ, 11 қыркүйекте атыраулық өнерпаздар гала-концертте өнер көрсетеді.