
Атыраулық спортшылар республикалық турнирде топ жарды
Ақтөбе қаласында джиу-джитсу спорт түрінен республикалық деңгейдегі ауқымды турнир өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен барлығы 600-ден астам спортшы қатысып, тартысты бәсеке өрбіді.
Атырау облысынан бірнеше команда бірігіп, додаға қатысқан болатын. Соның ішінде ерекше көзге түскен жаттықтырушы Қуандық Жаңбырбаевтың шәкірттері 7 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, аймақ абыройын асқақтатты.
Демесін Камали, Алмаз Сәрсенғали, Расул Зорбай, Мейірхан Амантайұлы, Ноян Қыдыр, Мадияр Тайшиев чемпион атанып, алтын медальмен марапатталды. Ал Дәулет Бауыржан, Әсет Оразбаев, Рамазан Бауыржан, Иманбек Оразбай күміс мелальді иеленсе, Дамир Мәжит, Хасан Каримус, Ғазиз Қайырханға қола жүлде бұйырды.
Жарыс барысында Ақтау, Алматы, Атырау және Жетісу облыстарынан келген үздік спортшылар бақ сынады. Екі күнге созылған турнир қатысушылар үшін үлкен тәжірибе мектебі мен ынталандыру алаңына айналды.
Жаттықтырушы Қуандық Жаңбырбаев шәкірттерінің бұл жетістігін жүйелі жаттығу мен қажырлы еңбектің жемісі екенін атап өтті. Ол алдағы уақытта халықаралық ареналарда да жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздеп отыр.
Ақбота ЖАЛҒАУОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің IV курс студенті