«Art Sport» Атырауда қалай жүзеге асуда?

253b16b4eae19aa8ff76d16f6fb91c76 Спорт

2020 жылы балаларға арналған тегін клубтар бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған болатын. Ал, «Балалар жылы» аясында бала құқығын қорғау жөніндегі уәкілі, қоғам белсендісі Аружан Саинның бастамасымен, тегін үйірмелер негізінде «Art Sport» бағдарламасы еңгізілді. Президенті қолдауымен Үкімет тарапынан қаржыландырылатын жоба көп балалы, аз қамтылған, тіпті балаларды дамытуға жағдайы жоқ отбасылар үшін бұл – таптырмас мүмкіндік.

Аталған жоба Атырауда қалай жүзеге асып жатыр? Біз мұны облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтен білген едік.

– Өңірде аталған бағдарламаның арқасында сәтті жұмыс жасап жатқан үйірмелер жетерлік, – дейді ол. – Статистикалық көрсеткіштерді келтірсем, спорттың 13 түрінен 10282 бала қатысатын жалпы саны 640 тегін секция ашылды. Спорт түрлері – бокс, баскетбол, волейбол, еркін күрес, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, жүзу, спорттық би, таеквондо, шахмат, футбол, көркем гимнастика. Жергілікті бюджеттен биыл 1.3 млрд теңге бөлінді.

Ал, мәдениет бойынша облыста 136 үйірме ашылып отыр. Барлығы 35 кәсіпкер «Art Sport» бойынша шығармашылық үйірме жұмысын жүргізуде. Оған 4-17 жас аралығындағы 8996 бала қатысады.

Басқарма өкілінің айтуынша, 2022 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға 1.2 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда жаңа өтінімдер қабылданып жатқан жоқ. Ал, үйірмелерге қазір барып жүрген балалар мамыр айына дейін өтінім берген екен. Енді басқарма басшылығы министрлік тарапынан жоба шарттарының өзгеруін күтіп отыр. Содан соң қосымша қаражат бөлініп, жоба жалғасын табатын болады.

Айта кеетйік, толық ақпаратты (үйірмелердің атауы, мекен-жайы) atrsport.edu.kz алуға болады.

Айя Коказова,

журналистика мамандығының 2-курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз