Жарнама
Спорт

Атыраулық спортшылар әлемді таң қалдырды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен армрестлингтен әлем кубогінде атыраулық спортшылар пара-армрестлингтен 2 алтын, 6 күміс пен 2 қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Жалпы екі күннің қорытындысы бойынша Асылан Қайрушев оң және сол қолдан чемпион атанды. Қажымұқан Нұрмағамбетов сол қолдан күміс, оң қолдан қола жүлдегер атанды. Медет Супыгалиев сол қолдан күміс, оң қолдан қола, ал Есенжан Мақсотов екі қолдан күміс медаль ұтты. Қанжығамызға Ақтоты Оңайша екі қолдан күміс медаль сыйлады. Бұл жеңістің артында маңдай тер мен үздіксіз еңбек жатыр. Бүгінде спортшылар елге жолға шықты, — деді Атырау облысы мүгедектер спорттық клубының директоры Аманбай Қыздарбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button