Спорт
Атыраулық спортшы әлем кубогының жеңімпазы атанды
Мейрамғали Санжар кикбоксингтен Әлем Кубогында жеңіске жетті.
Түркияның Стамбул қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында Атырау облысының құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты. Жастар арасында Мейрамғали Санжар алтын жүлдеге ие болса, Шамболов Айбек пен Жеткеншек Асылжан күміс жүлделер еншіледі.
Ересектер арасында Төлеуғали Исламсанжар және Саматова Гульбану қола медаль жеңіп алды.
Айта кету керек, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанса, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.