Атыраулық спортшы еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

2c698873 baf5 441b 99c3 201caa117a50 Спорт

4-6 тамызда Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі өтті. Оған 51 мемлекеттің палуандары қатысты.

Байрақты бәсекеде еліміздің намысын жерлесіміз, № 1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, олимпиада резервін дайындау орталығының облыстық құрама команда мүшесі Нұрдәулет Сейілбеков қорғады.

Атыраулық Нұрдәулет Сейілбеков қола жүлде үшін күресте үндістандық палуан Нариндер Нариндермен кездесті. Нәтижесінде 1:1 есебінде қарсыласымен тең түсті. Чемпионат қорытындысымен Нұрдәулет Сейілбеков 71 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз