![Атыраулық қос палуан чемпион атанды 1 img 20240526 wa0128](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240526-wa0128.jpg)
Спорт
Атыраулық қос палуан чемпион атанды
Албанияда ересектер арасында өтіп жатқан “MUHAMET MALO” Халықаралық турнирінде атыраулық еркін күрес шеберлері Мырзабек Нұрлыбеков 79 келіде және Бекзат Аманғали 92 келіде чемпион атанды.
![Атыраулық қос палуан чемпион атанды 2 img 20240526 wa0130](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240526-wa0130-1024x768.jpg)
Айта кетсек, боз кілемде ел намысын қорғаған М.Нұрлыбеков бірінші кездесуінде жергілікті палуанды жеңсе, екінші кездесуінде Молдовия палуанын жеңіп ақтық сында отандасымыз С.Уалитханмен кездесіп 2-1 есебімен жеңіске жетті. Ал Б.Аманғали бірінші кездесуінде боз кілем иесімен, екінші айналымда Италия палуанын жеңіп, ақтық сында Молдовия палуанын 10-0 есебімен ұтып чемпион атанды.
![Атыраулық қос палуан чемпион атанды 3 img 20240526 wa0127](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240526-wa0127-768x1024.jpg)
Халықаралық турнирде топ жарған қос палуанды және жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ