Атырауда «Каспий жұлдыздары» атты көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтуде

screenshot 6 12 Спорт

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Каспий жұлдыздары» атты көркем гимнастикадан ашық чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған жарысқа облысымызбен қатар 7 қаланың 450 гимнастшылары бақ сынауда. Чемпионат топтық және жекелей бағдармала бойынша, облыс әкімдігі, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Атырау көркем гимнастика федерациясының ұйымдастырумен өтуде.

– Бүгінгі ашық чемпионатқа облысымыздан 200 гимнастшылар қатысуда. Жарыс әлі екі күнге созылады. Барлығы жоғары деңгейде өтуде. Қатысушыларға сәттілік тілеймін, деді аға-жаттықтырушы Көклан Егеубаева. 

Айта кетейік, іріктеуден өткен ең үздік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз