Жарнама
Спорт

Атыраулық дзюдошы әлемдік ондыққа енді

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әбиба Әбужақыновадзюдошылардың әлемдік рейтингініңтоп-10-на кіріп, 48 келіге дейінгісанатта екінші орынды иеленді. Оныңжетістіктері бүкіл елдегіспортшыларды шабыттандырады, депхабарлайды Аtyrau Рress тілшісі.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және 3-шідана (IJF) иегері әбиба Әбужақынова Қазақстанның ең атақтыспортшыларының біріне айналды. Ол1997 жылы 4 шілдеде Атырауда дүниегекелген және Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетін «Денетәрбиесі»мамандығы бойынша бітірген.2019 жылдан бастап Әбиба Атырауоблысының атынан жаттықтырушыМиржан Есмағанбетовтың жетекшілігіменжоғары спорт шеберлігі мектебініңқұрамында өнер көрсетеді. Абибадзюдодан әлем чемпионатының медалінжеңіп алған алғашқы қазақстандық әйел болды. 2022 жылы Ташкенттегі турнирдеол қола жүлдеге ие болды, ал екіжылдан кейін Абу-Дабидегі әлемчемпионатының қола жүлдегері атанып,өзінің шеберлігін растады.

Оның спорттық жолы үлкен жеңістергетолы:

• 2021 жыл — Бішкекте өткен Азиячемпионатындағы күміс медаль; ЕуропаКубогының күміс медалі, ҚРчемпионатының жеңімпазы

* 2022 жыл-Ұлан-Батордағы Гранд Слам турнирінде және Абу-Дабиде қола, Азиячемпионатының күмісі; Абу-ДабидегіГранд Слам Халықаралық турниріндеқола; ересектер арасындағы әлемчемпионатының қола жүлдегері

* 2023 жыл-Португалиядағы Grand SlamInternational турнирінде жеңіс жәнеПариждегі турнирде қола;

* 2024 жыл-Абу-Дабидегі әлемчемпионатында қола және ПариждегіОлимпиада ойындарында бесінші орын.

«Мен Абибаны 6 жылдан беріжаттықтырып келемін. Өкінішкеорай, біздің мақсатымыз Олимпиадаалтынын алу болған Парижде біз 5-ші орынға ие болдық. Алайда, бұлжаңа кезеңнің басы ғана. Біздіңболашақ жоспарларымыз өршіл:әлем чемпионы атану және 2028жылы Лос-Анджелестегі Олимпиадаойындарында табысты өнеркөрсету», — деп атап өтті дзюдошының жаттықтырушысыМиржан Есмағанбетов.

Әбужақынова маусымды 48 келіге дейінгісалмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтіңекінші қатарында аяқтап, қазақстандықдзюдошылар арасында көшбасшыатанды.

Айта кету керек, биыл оған ҚР спорт шебері атағы берілді. Бұл оның қажырлыеңбегінің, табандылығының және өз ісінедеген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Абибатек талантты спортшы ғана емес, сонымен қатар табандылық пенеңбекқорлықтың сәттіліктің шыңынақалай жетелейтінінің мысалы. 

Аружан Әжімқұлова

Аударған: Амандық Сағынтайұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button