Жарнама
Спорт

Атыраулық Әмір Ұмаев – таэквондодан әлем чемпионы!

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әмір Ұмаев Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Айн қаласында өткен таэквондодан әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды! Әмір жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының сапында қатысып, ерлер мен әйелдер арасында өткен байрақты бәсекеде 40 келі салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетті.

Аталған білім ордасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионатқа 25 елден 1000-ға жуық спортшы қатысқан. Жоғары деңгейдегі тартысты додада Әмір өз қарсыластарын жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке еніп, әлемдік аренада жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл — тек спорттық жетістік емес, сонымен қатар, көптеген жас буынға үлгі боларлық табыс.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button