Атырауда жыл спортшысы анықталды

2f0ed859 514a 4acd bbc5 e897961267ca Спорт

Нұрлан Балғымбаев атындағы даму және коммуникация орталығында «Sports awards – 2022» салтанатты іс-шарасы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысты.  Облыс әкімінің орынбасары Тәуелсіздік жылдары елімізде халық денсаулығына, дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. 

– Тәуелсіз мемлекетіміздің имиджін көтеруде спорт жүйріктерінің ролі басым болды. Байрақты бәсекелерде ел қоржынына жүлде салғандардың қатарында Атыраулық спортшылардың да елеулі үлесі бар.

073b0c22 b68f 4350 9140 35bfae719f2d

2022 жылы Атырау облысы ауқымды жұмыстар атқарды. Кәсіби спортшылар мен бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында толымды істер жүзеге асты. Ел ертеңі жасөспірім бүлдіршіндерінің лайықты тәрбиесімен өлшенеді. Қарагөз келешегіміздің салауатты өмір салтын ұстанып, биіктерге ұмтылуына спорттық тәрбиенің берер жемісі мол, – деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы.

3788aee8 4a98 4902 97bb 18e94fc25abd

Салтанатты іс-шарада облыстың спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Артынан шпестей із қалдырған спорт ардагерлері бокстан Махамбет ауданының жаттықтырушысы Жылқайдар Сұлтанов пен спорт саңлағы, бокстан Кеңестер Одағының 5 дүркін чемпионы, Атырау облысының құрметті азаматы Болат Теміровті еске алды.  

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары спортшыларды марапаттап, жыл қорытындысы бойынша жетістікке жеткен спортшыларға номинацияларды табыстады. Олардың қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі,«Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, мерекелік медалдері мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталып, түрлі аталымдар бойынша үздіктер анықталды.

a49ad2f6 abee 481d 9e7d a1c4aae27c2b


Сондай-ақ, Жасұлан Бисембиев «Жыл спортшысы» номинациясының арнайы кубогын табыс етті. Бұл бойынша Олимпиадалық спорт түрлерінен «Жыл спортшысы» атанған спортшымыз Абиба Абужақынова «Жыл спортшысы» атанды. 

Сонымен қатар, іс-шарада «Жыл параспортшысы», «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен «Жыл спортшысы», «Жыл параспортшысы»,  «Үздік спорт ардагері», «Үздік федерация», «Үздік спорттық аудан», Ұлттық спорт түрлерінен Жыл спортшысы», 2022 жылғы «Жыл серпілісі», «Жыл жобасы», «Спорт жанашыры», «Үздік жас спортшы», «Үздік команда», «Үздік жасөспірім спортшы», «Үздік облыс құрама командасы», «Үздік нәтижелі спорт түрі», «Жыл жаттықтырушысы» аталымдары бойынша үздіктер анықталды.
Сонымен қатар, іс-шарада облыс спортының жетістіктері туралы бейнебаян көрсетіліп, концерттік бағдарлама келушілер назарына ұсынылды. 

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз