
СпортФОТОГАЛЕРЕЯ
Атырауда таеквандодан турнир өтті (+ФОТО)
“Атырау” спорт кешенінде «Халық қаһарманы», қоғам қайраткері Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған таеквондодан 2008-2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында Батыс аймақтық ашық турнир өтті.
Оған Атырау облысының барлық аудандары мен қаласынан және Маңғыстау облысы мен Бейнеу қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Спортшылар 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Сайыстың ашылу салтанатына Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы және басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Оразқызы мен бір топ спорт мамандары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың мақсаты жасөспірімдерді спортқа баулу, оларға патриоттық тәрбие беру және Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойын атап өту.





