Жарнама
Спорт

Атырауда сегіз спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр

Бүгінде облыста 1200-ден астам спорттық нысан бар. Жыл санап олардың саны артып келеді. Биыл Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, келер жылы олардың саны тағы да 8 нысанға толықпақ. Бұл туралы Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дастанбек Қоспанов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Келер жылы облысымызда тағы да жаңа 8 спорттық нысан пайдалануға берілмек. Атап айтсақ, Индер ауданының Көктоғай ауылындағы спорт кешені, Атырау қаласының Дамбы ауылында көпфункционалды спорт залы, Ақсай ауылында көп салалы спорт алаңы, Химпоселок, Бірлік ауылдарындағы спорт кешендері және Қызылқоға ауданының Жасқайрат, Тасшағыл, Сағыз ауылдарындағы спорт кешені. Ал Миялы ауылындағы орталық стадионды, Құрманғазы ауылындағы орталық стадион және Мақат кентіндегі стадион мен 2 спорт кешенін қайта жаңғырту жоспарлануда.

— Өңірде спорттық нысандар саны артып келеді. Бүгінде тағы да 6 спорт кешенінің құрылысын бастауды көздеп отырмыз. Қазір тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Ол жұмыстар аяқталғаннан кейін Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Нұржау ауылдары, Қызылқоға ауданының Қарабау, Қоныстану ауылдары, Исатай ауданының Ерғалиев және Махамбет ауданының Таңдай ауылы спорт нысанымен толықпақ, — деді Д.Қоспанов.

Брифинг барысында Д.Қоспанов өңірдегі өзекті мәселеге айналған балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі туралы да сөз етті.

— Бүгінге дейін спорт саласындағы өзекті мәселелердің бірі болған спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж мекемесі облыс әкімі Серік Жамбылұлының қолдауымен жалдамалы ғимаратта өз жұмысын бастады. Бүгінгі күні спортқа қызығушылығы бар 7-11 сынып оқушыларын 25 тамызға дейін аталған оқу орнына қабылдау жұмыстары жүргізілуде, — деді Д.Қоспанов.

Сондай-ақ, ол аталған оқу орнының ғимаратының құрылыс жұмысы біткенше жалдамалы мекемеде оқитынын айтты. Ал мектеп-интернат-колледжінің құрылысын НКОК және ТШО компаниялары демеушілікпен жүргізеді. Бұл компаниялар алдағы уақытта тағы да бір спорт нысанының ғимаратын салмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button