Жарнама
Спорт

Атырауда Номад ММА-дан республикалық чемпионат басталды

Номад MMA — аралас жекпе-жек стиліндегі спорт түрі, онда спортшылар жұдырықпен соғу және тебу әдістерін қолданады. Кеше Атырау қаласындағы теннис орталығында аталмыш спорттан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында республикалық чемпионат басталды. Чемпионаттың ашылу салтанатына қатысқан облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов қатысушыларға сәттілік тіледі.

e3892074 4bdf 4062 b06c 7043868927b0

— Атырауға арман қуып, ойдағы асуларын бағындыруға келген споршыларға “қош келдіңіздер” дейміз. Номад MMA спорты соңғы жылдары әлемде қарқынды даму үстінде. Маңызды спорттық додаға Қарағанды облысынан осы спорт түрінің негізін қалаушы Сергей Валентинович арнайы қатысып отыр. Чемпионат батыр бабаларымыздың ерлігін насихаттауға, жалғастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізеді деген ойдамын. Барша жігерлі жандарға сәттілік тілеймін. Мемлекет тарапынан спортшыларды қолдау ісі жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Өңірде осы салаға бағыттауға арналған үйірмелер, қосымша мекемелер көптеп ашылуда. Елдің намысын қорғар мықты спортшылардың қатары көбейе берсін,-деді Н.Сыдықов.

92ca6139 2698 46df a3a4 7a4a16c7fbda

Бұл тартысты додада Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Өскемен қалаларынан және Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан 500-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары алдағы уақытта Азия, Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button