Жарнама
Спорт

Атырауда мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы басталды

Бүгін Атырауда Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында дәстүрлі спартакиада бастау алды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл спорттық шараға облыс бойынша мемлекеттік қызметкерлер қатысып жатыр.
Қатысушылар екі күн бойы волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі сынды бірнеше спорт түрінен өзара бақ сынайды.

bb3ba631 1b1e 481d ac1c ce6c9247a02e

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, ұжым ішіндегі бірлікті арттыру.
Шараны Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев ашып, әріптестеріне спорттық сайыстарда сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.
Сонымен қатар Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов та шараға қатысушыларға өз құттықтауын жеткізді.

d23a67b7 93e2 4cb5 b840 dad8b6827e9a

Жарысқа қатысатын 19 команданың құрамында жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттердің өкілдері бар.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button