Атырауда кикбоксингтен ҚР Кубогінің ашылу салтанаты өтті

4p5a8162 Спорт

«Атырау» спорт кешенінде кикбоксингтен ересектер арасында ҚР Кубогінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған дода Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сүндеткерей Қасанғалиевтің мерейлі 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр. Жарыста еліміздің 18 өңірінен 200-ден астам спортшы бақ сынауда. Сонымен қатар спорттық іс-шарада Грузия мемлекетінен келген спортшылар да өнерлерін көрсетуде. 

335432830 450360390592168 5420339435376643681 n

Жарыстың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, Спортты дамыту дирекциясы РМҚК Олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысы Бекзат Қасым, кикбоксингтен мемлкеттік жаттықтырушы Нұрболат Рысмағамбетов қатысты. 

– Құрметті спорт сүйер қауым, облысымызда дамып келе жатқан спорт түрлерінің ішінде кикбоксингтің орны ерекше. Сүндеткерей Қасанғалиевтің өңірімізде кикбоксингтің негізін қалап, көптеген танымал спортшыларды тәрбиелеп шығаруы – ол азаматтың ерекше орнын, елімізде абыройлы екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, бүгінгі іс-шара 14 наурыз – «Көрісу күнімен» тұспа-тұс келіп тұр. Ал көрісу – наурыздың алғашқы мерекелерінің бірі. Бұл мереке бірлікті, мейірімділікті барша қазақ халқына тән қасиеттерді дәріптейді.

Басталып жатқан чемпионат жоғары деңгейде өтеді деген үміттемін. Ең мықтылар жеңіске жетсін, – деді Ж.Бисембиев.

4p5a8201

Айта кетейік, жарыс қорытындысында әлем чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеледі. Аталған спортық жарыс 16-наурызға дейін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз