Жарнама
Спорт

Атырауда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті

Атырау  қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өңірімізде алғаш рет ережесіз жекпе-жектен Абдуманап Нурмогомедовтың атына «Eagle FC 51» халықаралық кәсіпқой турнирі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ережесіз жекпе-жек турниріне Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей елдерінің және еліміздің әр аймағынан спортышлар қатысып, өзара күш сынасты. Турнирде барлығы 15 жекпе-жек өтті. Оның ішінде басты үшеуі титулдық жекпе-жек болды.

Ресейлік спортшылар Ренат Хавалов пен Ренат Ондар титулдық жекпе-жекте кездесіп, белдесу барысында 5 раундтқа дейін тең түсті. Соңғы раундта Ренат Хавалов өзінің әлем деңгейіндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

«Eagle FC 51» арнайы чемпиондық белдігі үшін басты жекпе-жек ресейлік спортшылар Денис Измоденов пен Имам Шафи Мухтаров арасында өтті. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде Денис Измоденов  қарсыласын 5 раундта жеңіп, «Eagle FC 51» тұжырымдамасының орта салмақтағы чемпионы атанды.

screenshot 13 1

-Турнирді ұйымдастыруға атсалысқан облыс әкіміне, Атырау жұртына айтар алғысым шексіз. Адамның өмірінде бірінші — тәрбие, екінші -білім, үшінші — спорт болу керек. Егер осы үшеуінің басын біріктіре алатын буын тәрбиелесек, біздің жолымыздың болғаны,- деді Хабиб Нурмогомедов.

Айта кетейік, облыс намысын қорғаған Фархат Қожантаев бірінші раундта техникалық нокаутпен, Әділбек Қайырғали екінші раундта гильотина әдісімен, Нұрбек Отар екінші раундта техникалық раундпен жеңіске жетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button