Атырауда AIGA грэпплинг күресінен «Atyrau Open» қалалық ашық турнирі өтті

74654521 Спорт

Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Атырау облысы AIGA грэпплинг күресі федерациясының ұйымдастыруымен AIGA грэпплинг күресінен балалар, жасөспірімдер, кадеттер арасында «Atyrau Open» қалалық ашық турнирі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Atyrau Open» қалалық ашық турниріне TopTeam, Мерген, Бүркіт, Батыс, Спартанец, Riza team, Атырау ММ, Ақкөл, Чемпион командалары қатысып, жалпы турнирде 135 спортшы бақ сынады.

– «Atyrau Open» қалалық ашық турниріне кадеттер қатысып жатыр. Бүгінгі додада 6-11 жас аралығында спортшыларымыз 18-47 салмақ дәрежесі аралығында күресіп, өз күштерін ортаға салды. Бұл спортшылардың арасынан алдағы уақытта еліміздің көк байрағын желбірететін әлем чемпиондары шығады деген үміттеміз, – деді Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Нұрбек Ахмедияров.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынды Мерген командасы еншілесе, 2-орынға Қазақстан TopTeam командасы жайғасты. Ал үшінші орын Атырау ММА командасының спортшыларына бұйырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз