Атырауда елуден асқандар спорттық сайысқа түсті
Атыраулық ардагерлер арасында спартакиада өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен 50 жастан асқан ардагерлер арасында облыстық спартакиада өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ардагерлер шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және қазақ күресі бойынша күш сынасты. Жарыста Жылыой, Мақат, Индер және Қызылқоғадан келген командалар бақ сынады.
– Жарысқа қатысуға ниет білдірген ардагерлерге алғысымды білдіремін. Ең мықты деген команда республикалық спартакиадаға жолдама алады. Ардагерлердің бұл додаға қатысуының өзі жастар үшін де өнеге деп есептеймін, деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Спартакиада қорытындысы бойынша Атырау құрама командасы 1-орынға ие болды. Қызылқоға құрамасы 2-орынды еншілесе, Мақат командасы 3-орыналды.
Жарыстың жеңімпаздары 16-18 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысында өтетін ардагерлер арасындағы республикалық спартакиада ойындарында облыс намысын қорғайды.