Спорт
Атырау облысының қоян-қолтық ұрыс құрамасы ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
16-19 ақпан күндері Щучинск қаласында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.
Атырау облысының спортшылары 4 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлдеге ие болды.
Өзін-өзі қорғау бөлімінде Сейтов Алихан мен Хайруллина Аида алтын, Насихатов Бек пен Есенғалиев Хайдар күміс және Шантасов Мирас, Сатыбалдиев Ерболат, Салықов Қуанышбек қола жүлделерге ие болды.
Қоян-қолтық ұрыс бөлімінде Саматова Гүльбану алтын және Хайруллина Аида күміс жүлде еншіледі. Толық қанды ұрыс бөлімінде Жұмағалиев Талғат алтын, Бекназаров Қуандық күміс және Медеуов Ержан қола жүлде жеңіп алды.