Спорт
«Атырау» футбол командасы жартылай финалда
Футболдан Қазақстан Кубогының матчында «Атырау» командасы алматылық «Қайратпен» өз алаңында ойнады.
Командалар арасындағы бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталғандықтан бүгінгі ойынға екі команда да негізгі құрамдарды шығарды.
Алаң иелері ойынның бірінші жартысында Нгунгуси Эффионгтың күшімен есеп аша алды, ал екінші кезең басында нигериялық шабуылшы дубль жасады. Осыдан кейін Ян Труфанов есептегі алшақтықты қысқартты, бірақ бұл қонақтар үшін жеткіліксіз болды. Есеп 2:1 — «мұнайшылар» басым түсті.
Осылайша,» Атырау » турнирдің жартылай финалына шығып, екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайратты» 3:2 есебімен жеңді.