«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметтен неге кеткені белгілі болды
«Атырау» ФК директоры Эрнис Есмагамбетов бас бапкердің ауысуына қатысты баспасөз қызметіне түсініктеме берді.
«Біз Константин Александровичке атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамыз, осы жарты жыл ішінде көптеген жағымды және есте қалатын сәттер болды. Алайда, эмоцияны былай қойып, соңғы 3 айды сараптайтын болсақ, 1 мамырдан бері өз алаңымызда жеңіске жеткен жоқпыз, соңғы 11 кездесуде екі рет қана жеңіске жеттік, кубокта топтан шыға алмадық. Чемпионаттағы соңғы 5 матчта жеңіске жете алмадық. Сонымен қатар, біз тізімді өзгерткен жоқпыз, керісінше, біз барлық негізгі ойыншыларды сақтап қалдық, сонымен қатар жаңадан келгендердің арқасында тізімге бәсекелестік қостық. Бір кездері өзгерістердің кешігіп жатқаны анық болды және бапкердің ауысуы, ең алдымен, команданың эмоционалдық фонына оң әсер етеді деп үміттенеміз. Ал орнына кім келеді дегенге келсек, біз үміткерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл Қазақстанда бұрын жұмыс істемеген шетелдік маман екенің ғана айта аламын» деді ол.
Аман ШАМАР